Басты бет

Қайырлы күн!

Медициналық колледж ұжымы

Біз Сіздерді Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі - бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар көне оқу орындарының бірі. Медициналық колледж өзінің барлық жылдарында өзектілігін жоғалтпай, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында одан да зор маңызға ие болды.

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындап келеді. Олар: мейіргер ісі мамандары, фельдшер, акушерлер, зертханашылар мен стоматологтар. 

Көптеген жылдар бойы колледж Ұлытау облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. ЖқОЖМК-нің басты ерекшелігі – біздің түлектеріміз мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін тамаша білім алып қана қоймай, сонымен қатар медицина саласында кең ой-өрісі мен терең кәсіби білімі бар, адамдармен жұмыс істей алатын және адам өмірі мен денсаулығын сақтау ісіне адал мамандар әзірлейді. Біздің түлектер тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Білім беру жүйесін реформалау және жаңғырту жағдайында медицина колледжінің ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Бүгінгі таңда біздің оқу орнымыз – қазіргі заманғы колледж, оның ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосуда.

Құрметпен,

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің директоры

Молдина Меруерт Айтмағанбетқызы

Біздің тәжірибелік сабақтар

       фотофото

       фотофото


Келулердің саны: 259022

23.11.2023

Студенттік қатарына қабылдау салтанаты

...

15 қараша күні Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде 2023ж колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттерін салтанатты түрде студенттік қатарға қабылдау өтті.Іс -шара мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Шара аясында колледж директоры Молдина М.А. жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. " Жігер " өзін …

Толық

23.11.2023

Ынтымақтастық мемарандумы

...

2023 жылдың 21 қараша күні Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің директоры Молдина Меруерт Айтмаганбетовна және “Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдай департаменті” мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық мемарандумына қол қойды. Меморандум…

Толық

16.10.2023

ЖқОЖМК-де “Сәлем жаңа оқу жыл” атты ашық сабағы өткізілді

...

01.09.23ж. білім күніне орай Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде 1 курс студенттеріне “Сәлем жаңа оқу жыл” атты ашық сабақ өткізілді.

Толық

16.10.2023

1-қыркүйек - білім күні

...

ҚЫМБАТТЫ СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ЖӘНЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 1 қыркүйек- Сағат 9:00 де Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде “ Білім күніне “ арналған салтанатты жиын өтті. Барлық студенттерге өз күштеріне сенуді және өз мақсаттарына жетуде батыл…

Толық

28.09.2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

...

«Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы«Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК (әрі қарай-колледж) 29.09.2023 - 30.09.2023 ж. аралығында…

Толық